8.12.2020, 11:06
Қараулар: 411
Креативті суреттер байқауы

Креативті суреттер байқауы

2020 жылдың қазан-қараша айлары арасында  Батыс Қазақстан облысының барлық жастағы тұрғындарының өз бетімен білімін жетілдіру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру, игі істердегі бәсекелестік пен бастамашылдықты қолдау мақсатында қолға алынған Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы  «Бірлікпен болашаққа!» атты іс-шаралар легін  жүзеге асыруда. Соның бірі жуырда өткен «Алғысым Сізге, дәрігер» атты облыстық креативті суреттер (постер) байқауы.

Байқаудың мақсаты: Кәсіп иелерінің оң бейнесін қалыптастыру, кәсіби бағдар беру, еңбекке баулу;  ақ халатты абзал жандардың еңбектерін құрметтеп, ұлықтау, алғыс білдіру.

Байқауға жас ерекшелігіне қарай қатысушылар ұранды сөз жазылған сурет/плакат дайындап (қазақша немесе орысша), сурет\плакаттың мағынасына үңіліп, жанрына,  тақырыбына сай дәрігер мамандығының қажет екенін көрсете алатындай әдемі етіп көркемдеп беру керек болды.

Байқауға облыс көлеміндегі 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Біздің аудан атынан осы байқауға бірнеше оқушылар қатысты. Шара қорытындысы бойынша жүлделі  I-орынға Лұқпан Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Әділет Иржанов ие болса, II-орынға осы оқу орнының 7 сынып оқушысы Жансая Галимова лайық деп танылды.

С. СУЛЕЙМАНОВА,

аудандық ТжЭ орталығының

туризм бөлімінің меңгерушісі