24.09.2020, 18:22
Қараулар: 321
Республикалық байқаудың жеңімпазы

Республикалық байқаудың жеңімпазы

    Облыстық Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар – елдің болашағы» тақырыбындағы республикалық «Жас журналистер байқауы» шығармашылық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

    Осы байқауда топ жарып шыққандардың арасында  Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 «б» сынып оқушысы,  Зергүл Ажмұратова да бар болатын.

  Салтанатты шараға арнайы келген «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы  жеңімпаз Зергүл Ажмұратоваға «Үздік мақала» аталымы бойынша ІІІ дәрежелі дипломын,  жетекшісі Қосаева Гүлжан Сағынтайқызына Алғыс хат  табыс етті.

Айбарша Лекерова

Шыңғырлау ауданы