25.05.2021, 14:43
Қараулар: 49
Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Өзгеше басталған биылғы оқу жылы да өзгеше форматта қорытындыланды. Олай дейтін себебіміз, Аудан бойынша барлығы 16 білім беру ұйымында салтанатты жиын онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Шыңғырлау аудандық санитариялық–эпиедемиологиялық бақылау басқарамасының  18.05.2021 ж. №2-32/514  хаты негізінде Л.Қылышев атындағы ЖОББМ, Шыңғырлау ЖОББМ-терінде 1-5,9 сыныптарда сынып сағаты, 11-сыныптарға ашық ауада салатанатты жиын оздырылды. 6-10 сыныптарға ZOOM платформасымен сынып сағаттары ұйымдастырылды. А.Тихоненко атындағы ЖОББМ 1-8,10 сыныптарға сынып сағаты ұйымдастырылып, 9-11 сыныптарға ашық ауада салатанатты жиын өткізілді. Штаттық режимде оқыған негізгі орта білім беретін және бастауыш білім беретін мектептер, Алмаз МББК, Тасмола ОЖББМ, Ащысай МББК (бала санына орай 2-ге бөліп өткізеді) соңғы қоңырау жиынын ашық ауада (бір оқушы бір ғана ата-ана негізінде) өткізді. Барлық білім беру ұйымдарында өңірдегі ахуалға байланысты аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жас түлектерге бейнеқұттықтауын жолдап, ақжарма тілегін арнады.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында ауданымыз бойынша 91 түлек мектеп бітіргелі отыр. Үздік оқып, білім алған 13 түлек «Алтын белгіге» және 1 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер атанып отыр. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты сәт екендігі жасырын емес.

Самат БАЙБОЛАТ

Білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы

Шыңғырлау ауданы