10.02.2021, 10:29
Қараулар: 169
Шыңғырлауда қысқы шаңғы жорығы өтті

Шыңғырлауда қысқы шаңғы жорығы өтті

 Туризм және экология орталығының қызметкерлері екі күндік шаңғы жорығына шығып келді. Жорыққа шығар алдында құрал-жабдықтарды дайындалып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Шаңғы жорығының маршруты «Шыңғырлау ауылы-Ащы өзені-Ащысай ауылы-Шыңғырлау ауылы» бойынша өтіп,  орталықтың жеті қосымша білім педагогтары барып келді. 18-ші қантар күні сағат 9.00 жиналып, сағат 10.00 да орталықтың алдынан қозғалдық. Сол күні ауа райы қолайлы болды.  Туризм бөлімінің меңгерушісі Сарбиназ Хамитқызына алғысымыз шексіз. Жасы үлкен болса да жорыққа бірге шығып, шаршаған кезімізде рух беріп отырды. Ащы өзеніне жолда 1-3 рет тоқталып, сағат 15.30 жеттік. Барған мәзірде әр жорыққа қатысушы өз міндеттеріне көшті. Қысқы шатырды орнатардың алдында қарды кеңінен ашып, астынан целофан жайып құрдық. Айналамыз орманды алқап болғандықтан, от жағу қиындыққа түспеді. Ашы өзенінде «Балықтарға дем алу үшін ұңғымалар жасау» экологиялық акциясын  өткіздік. Шатыр іші жылы болды, жеңіл киіммен отырдық. Далада пісірілген ас өте дәмді болды. Тамақтанып болған соң шашка, тоғызқұмалақ, шахмат ойнап, мықтылырды анықтадық. Шашка ойынан үздік ойыншылар – С.Шорабаев, Р.Қажғалиева, шахматтан – А.Есқалиев, тоғызқұмалақтан –Р.Сағидулов, А.Гайсиева танылды. Туристік әндердер жарысынан Т.Исқалиев және С.Сулеймановаға жетер жан болмады.

Ертеңіне  таңертең сағат 8.00 ұйқыдан тұрып, жуынып, таңғы асымызды ішкен соң сағат 9.30-де жолға аттандық. 30-40 минут сайын тынығып демалып отырдық. Түскі 1.30-да Ащысай ауылы көрінді. Жорығымызды сағат 2.00-де аяқтадық. Соңғы нүктемізге жеткенде шаршағанымыз басылып, көңіліміз көтеріліп жүре берді.

Екі күндік шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас ерекшелігімен есте қалғанында сөз жоқ. Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет. Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30 км құрайды. Бұндай жүруге жаттыққан топ аса  күш жұмсаусыз, үнемі  жаттығусыз орындайды, әсіресе, көп күндік жорықтарда, бұлай жүру қиын. Мектеп оқушыларымен  жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейтінін жадымызда сақтау керек. Жаңадан үйреніп жүрген ересек  адамдар үшін де бұндай  түнеуді ұйымдастырмаған  дұрыс болады.

С. ШОРАБАЕВ,

туризм және экология орталығының

қосымша білім беру педагогы