13.09.2021, 17:14
Қараулар: 69
Жауапкершілік өзімізден басталсын

Жауапкершілік өзімізден басталсын

1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Жолдау жолдарындағы әрбір айтылған бағдарлар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған, әрі алдағы күндердегі сындарлы сәттер мен қауіптердің алдын алуға бағытталған шаралар екендігін түсіндік. Әсіресе,  2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеге дейін ұлғайту  туралы шешімі талайдың  көкейдегі ойларын дөп басты. Сонымен қатар, індет жайлаған шақта адамдардың өзінің және өзгенің де денсаулығы үшін жауапкершілікте болуы тиіс екендігін тағы бір назарға салды.

Міне, тағы бір жаңа оқу жылы басталды. Осы кезеңде ата-ананың да, ұстаздың да алдында үлкен мақсаттар тұр. Біздің міндетіміз-жас ұрпаққа білім берумен қатар олардың әрқайсысының денсаулығын сақтау. Еліміздің болашағы саналатын ұл-қыздарымыздың амандығы үшін барлық жағдайды жасау. Сол себепті, вакцинацияның маңыздылығын, қажеттілігін түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын. Екпе ектіру пайызының артқандығы арқасында мектептердегі оқудың дәстүрлі форматта өтуіне қол жеткізгенімізді ұмытпауымыз қажет.

Саналы ұрпақ өсіріп, жан-жақты білім беріп, еліміздің дамуына үлес қосайық!

                                                                                                              Алмагүл ЕРЖІГІТОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар