8.10.2021, 16:03
Қараулар: 50
Кезекті мәслихат сессиясы өтті

Кезекті мәслихат сессиясы өтті

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХІ кезекті сессиясы  оздырылды. Сессия жұмысына аудан әкімі Әлия Биғазықызы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері,   аудандық дербес бөлімнің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Сессия жұмысы басталмас бұрын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев аудандық мәслихат депуттарының қатарына жаңадан қосылған Камзаева Ақмаралды таныстырып, депутат куәлігі мен төс белгісін табыс етті.

Келесі күн тәртібіндегі басты мәселеге сәйкес аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың  «Шыңғырлау ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» тыңдалды. Әлия Биғазықызы өз баяндамасында 2021 жылдың сегіз ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға, ауыл шаруашылық саласында мүйізді ірі қара малының саны 12,6 пайызға өскенін, сонымен қатар жыл басынан бері аудан бойынша 14 шаруа қожалық ашылғанын айта  келе, аудан көлемінде жүргізілген құрылыс жұмыстарына, жол мәселесіне, жұмыспен қамту және денсаулық, мәдениет, ветеринария секілді маңызды салаларға да кеңінен тоқталып өтті.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың аудан көлемінде атқарылған жұмыстары баяндалған баяндама халық қалаулылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Аман ІЗМҰХАН,

Шыңғырлау ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар