5.11.2021, 10:20
Қараулар: 56
«Кәсіподақ күні» аталып өтті

«Кәсіподақ күні» аталып өтті

Аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында «Кәсіподақ күніне» орай тимбилдинг  өтті. Ұжымды бірлікке, тұтастыққа шақыратын бұл ойын бүгінгі күні ұжым арасында кең қолданылып келеді.

Шара «Би әлемі» үйірмесінің оқушыларының орындауындағы қазақ биімен ашылды. Орталық директорының міндетін атқарушы Самат Байболат пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Манарбек Ғалымжанов ұжымға ізгі лебізін арнап, мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Кейін ұжым мүшелері үш топқа бөлініп, бес кезеңнен тұратын тимбилдинг тапсырмаларын орындады. Ептілік пен қырағылықты, тапқырлықты талап ететін ойын барысында қызметкерлер ерекше белсенділік танытты.

Басқосу соңында кәсіподақ төрағасы Манарбек Ғалымжанұлы орталықта көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан әдістемелік бөлім меңгерушісі А. Ищанованы, шаруашылық меңгерушісі Б.Куттиеваны, қошымша білім беру педагогі А. Мергенбаеваны мерекеге орай алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті.

Ұлықпан ГИЛЬМАНОВ,

«Жас тілші» үйірмесінің оқушысы