22.10.2021, 10:00
Қараулар: 32
Көліктен де көмек көп

Көліктен де көмек көп

   Бүгінгі таңда денсаулық саласына білімді дәрігерлермен қатар арнаулы көліктерге де тапшылық сезіліп отырғаны рас. Әсіресе, індет кезінде тиісті мамандар көлік тапшылығынан шақырту алған жерге уақытынан кешігіп те барып жүр. Енді, міне осындай олқылықтың орны ауданымызда жуырда оң шешімін тапты.  Жақында облыстық «Жеделжәрдем» медициналық көмек көрсету орталығының басшысы Мадияр Амангелді  көліктерге мұқтаж аудандарға су жаңа мәшиненің кілтін табыстапты.

Біздің ауданымыздың да еншісіне тиген жаңа көлік тұрғындарға қызмет көрсетуге кірісіп те кеткен. Аудандық «жедел жәрдемде»қызмет көрсетуші аға фельдшер Әйгерім Құмарова: «аудандық ауруханаға берілген көліктің көмегін жұртшылық енді шын сезінетін болады. Өйткені, бұған дейін қызмет көрсетіп келе жатқан бір аэромобиль мен бір «жедел жәрдем»  көлігі аздық ететін, енді телефон шалған ауылдастарға уақытымен жетуге мүмкіндік мол»,- дейді.

Өткен жылы да ауданымызға осындай бір көлік берілген-тұғын. Керек дүниенің артығы болмас дегендей, су жаңа мәшине медбикелердің жолын да, қолын да ұзартарына сенеміз.

Гүлшат ИБРАГИМҚЫЗЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар