23.09.2021, 10:42
Қараулар: 48
Нақты шешімдерді алға тартты

Нақты шешімдерді алға тартты

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жыл сайынғы Жолдау еліміздің өркендеп-дамуымен қатар халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – еліміздің егемендік алғанына 30 жыл толу қарсаңында жарияланып отыр. Ел Президенті егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес екендігін айта келіп, алдағы жылдарда қандай жұмыстар атқарылатындығын жариялады. Осы жылдары еліміздің халқына ең ауыр тиген пандемияның әсері экономикамыздың дамуына үлкен әсерін тигізуде. Бұл қиындыққа да қарамай әлемдік экономикадағы орнымызды нығайтып келе жатқанымызға Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда нақты мысалдар келтірген. Ең алдымен Қазақстанның ауыл шаруашылығының әлеуеті орсан зор екенін атап өтті. Бірақ агроөнеркәсіп кешені саласындағы қордаланған кемшіліктерді соның ішінде азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне байланысты белгілі бір баға қоюды ұсынды. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Сонымен қатар, өнім өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бағаның бәріне бірыңғай бақылау жасауды Үкіметке тапсырды. Екіншіден, ауа-райының қолайсыздығына байланысты мал шаруашылығында түйткілді мәселелер бар екенін көрсетіп, шешілу жолдарын қарауды құзырлы органдармен Үкіметке тапсырды. Жолдаудағы қуантарлық жаңалық – ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтергендігі жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Аталған тапсырма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аспақ. Ол Үкімет пен Парламенттен жыл соңына дейін қажетті өзгерістерді заңнамаға енгізіп, оның келесі жылы қаңтар айында күшіне енуін қамтамасыз етуін сұрады.
Жолдауда басқа салалар бойынша да нақты атқарылатын жұмыстар мен оның шешілу жолдарын көрсеткен. Әсіресе, денсаулық саласы мен білім беру саласындағы болатын өзгерістерге нақты тоқталғаны бізді қуантады. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыруға әр қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс.

Азамат ТАҒАНИЯЗОВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар