10.08.2021, 12:17
Қараулар: 88
Саяси кеңесі Бюросы өтті

Саяси кеңесі Бюросы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен Саяси кеңесі Бюросының отырысы өткізілді. Отырыста «Nur Otan» партиясынан Шыңғырлау аудандық мәслихатындағы депутаттың бос орнына партиялық резервтік тізімнен үміткерді ұсыну мәселесі қаралды. Жиында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азамат Тағаниязов Бюро отырысының қаулысымен таныстырды.
Нәтижесінде, Шыңғырлау аудандық маслихат депутаттығының бос мандаты партиялық кадрлық резервтік тізімдегі «Nur Otan» партиясының мүшесі Камзаева Ақмаралдың кандидатурасын ұсыну туралы Саяси Кеңесінің Бюросының қаулысы қабылданды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар