9.09.2021, 9:57
Қараулар: 75
Семейлік солдаттар бас қосты

Семейлік солдаттар бас қосты

Қазақстан Ресупбликасындағы ядролық қару-жарақты сынау алаңдарының ішіндегі әкелген зардабы мен қайғы-қасіреті жағынан ерекше болған Семей ядролық полигонының жабылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Кезінде сол жерде әскери қызметтерін атқарып, Кеңес үкіметінің жарлығын бұлжытпай орындаған сарбаздардың алды бүгінде жетпісті жетелеп жүрсе, соңы 50-ді еңсеріпті. Айтулы күнге орай 31 тамыз күні  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында семейлік солдаттар бас қосқан жиын өтті. Шараны ашқан Қазақстан ардагерлері «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жарқын Нұров жалпы адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген ядролық сынақтардың салдары туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар ол, сынақ полигонында жүрсе де өздерінің әскери қызметіне сын келтірмеген сарбаздардың табандылықтарын атап өтіп, Ж. Мирханов пен Т.Имамбаевқа полигонның жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған «Өмір сүреміз» медальдарын табыс етті. Атаулы жиынға қатысқан өзге де семейлік жауынгерлер осындай сипаттағы мерекелік ммедальдарды кеуделеріне тағып, Құрмет грамоталарымен марапатталып, қиын-қыстау шақтарда халықпен бірге болған сол кезеңдерді еске алысты.

Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев ел ағаларына мықты денсаулық тілеп, оларды әрдайым жас ұрпаққа өнеге болып, жарқын істердің бастауында бірге жүруге шақырды.

Гүлім ШЫНТАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар