14.09.2021, 11:11
Қараулар: 80
Шыңғырлаулық өнімдер Нұр-Сұлтан жәрмеңкесінде

Шыңғырлаулық өнімдер Нұр-Сұлтан жәрмеңкесінде

Еліміздің барлық өңірлерінде бүгінгі таңдақолжетімді бағамен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бұл қалалықтардың да, ауылдықтардың да көңілдерінен шығып жатыр. Қолдарында өткізер өнімі барлар арзан, бірақ сұранысқа ие тауарын саудаға шығарса,  енді бірі төмен бағамен қажетті азық-түлігін сатыпалып, үй-ішілік бюджетін үнемдеуде.

Табиғи таза, әрі сапалы өнімдер сатылымға шығарылатындәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласында әр сенбі сайын өткізілуде. Оған біздің шыңғырлаулықтарда өз үлесін қосып, арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақында тонналап ет өнімін апарып қайтты. Нақтырақ айтсақ, осы жолы ауданымыздың 8 шаруа қожалығы 10 бас ірі қара малдың етін өткізіп келді.

Шөбі шүйгін жерде өсіп-өнген, қоңды ірі қара малының етін сөмкелеп алған астаналықтар да өз ризашылықтарын білдіруде екен. Батыс Қазақстаннан жолға шыққан тауар өнідірушілердің делегациясыныңқұрамында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Рүстем Еслямов, Ақтау ауылдық округінің әкімі Мұрат Қайыржанов, ақтаулық «Аманер» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Көпешов болды.

Ал жаз бойына еңбектеніп өсірген, бордақылаған ақ адал малының етін ұсынған шаруа жандарды тізіп айтсақ бұлар:«Ақтау» ШҚ жетекшісі — Ержан Рамазанов, «Сұлтанбек»ШҚ-Орынғали Какиев, «Аманер»ШҚ-Бауыржан Көпешов, «Мадияр»ШҚ-Бектендияр Арыстанғалиев, «Азат»ШҚ-Серік Бексейтов, «Мүсілім»ШҚ-Динара Төлегенова, «Алаша»ШҚ-Арман Төлегенов, «Тоқан» ШҚ-Жолдасын Мұхамбетқалиев.

Сапалы да, қол жетімді бағамен астаналықтарды қуантқан шыңғырлаулық шаруалардың өнімі алдағы уақытта да сұранысқа ие бола бермегіне сенімдіміз.

                                                                                        Айсұлу МУСА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар