7.10.2021, 10:56
Қараулар: 49
Шыңғырлау шабандоздары – чемпион!

Шыңғырлау шабандоздары – чемпион!

Облыс көлемінде ұлттық ойындарды жандандыру көңілді бірлейтін түрлі додалармен көрініс табуда. Жуырда Ақжайық ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты және Тайпақ ауылынан шыққан спорт саңлақтарын еске алуға арналған ашық турнир ұйымдастырылған болатын. Облысымыздың 8 ауданынан командалар қатысқан спорттық ойындар өте тартысты да қызықты өтті.

Әсіресе, халқымызды ерекше тәнті ететін ойыны — көкпарды қызықтаған жұртшылықтың ықыласы ерекше болды. Айла мен амал астасқан, білек күші мен жүйрік аттың бабы қабысқан додаға қатысқан ауданымыздың көкпаршылары әп дегеннен осал, жеңіле салатын команда емес екенін көрсете білді. Нәтижесінде, қарсыластарынан басым түскенШыңғырлау ауданының «Бөкенбей батыр» көкпар командасы финалдаАқжайық ауданы, Жұбан елінің «Құлагер» командасын жеңіп, жеңіс туын желбіретті.

Шыңғырлау өңірінде ат спортын дамытуға қолдау көрсетіп, ұлттық спортты насихаттауға атсалысқан шабандоздарымызды «чемпион» атақтарымен құттықтап, алда да жеңісті жолдарды жалғастыра берулеріне тілектеспіз.

                                                                                                 А.САҒИ