4.05.2021, 14:39
Қараулар: 97
Балдырғандарымыз жарады!

Балдырғандарымыз жарады!

Әр жыл сайын ауылдық округтерден талантты жастарды іздеп, өнерін асқақтату мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі «Балдәурен» балалар шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Еліміздегі карантиндік ахуалға байланысты фестиваль онлайн форматта өткізілген болатын. Атаулы додаға ауданымыздан бірнеше жас өрен қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ, «Домбырамен ән салу, жыр айту» жанры бойынша ІІІ орын –Назымбек Сатпанов (жетекшісі А.Сатпанов), «Поэзия» жанры бойынша ІІІ орын – Ислам Серік (жетекшісі Б.Аубакирова), «Эстрадалық вокал (соло, дуэт)» жанры бойынша ІІІ орын – Айгерім Шалқарбаева, Зинира Амангелді (жетекшісі Ә.Мұхамбетші), “Халықтық музыка (домбыра)” жанры бойынша Алина Аюпова (жетекшісі Г.Өміралиева) белсене қатысып, дәрежелі дипломдармен марапатталды. Өнерлі өрендерімізді жүлделерімен құттықтай отырып, алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болып, шабыттарыңыз асқақтай түссін деп тілейміз.

А.БАЙҒАЛИЕВА,

Шыңғырлау аудандық

 мәдениет үйінің әдіскері