25.03.2021, 16:07
Қараулар: 150
Көктемді суретпен көркемдеді

Көктемді суретпен көркемдеді

Наурыз мерекесінің «Жайлау күніне» орай Амангелді ауылдық кітапханасында «Көктем балалар көзімен…» атты сурет салу сайысы өтті.

Шараға қатысушы оқырмандар табиғаттың осынау керемет  мезгілін бейнелеп, өз қиялдарындағы көктем бейнесін қағаз бетіне суреттеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында өткен шараға қатысушылар белсене қатысты.

Ақ қағазға оқырмандар қолымен, қиялымен салынған суреттер ерекше әсер қалдырды.

                                                                                                            Г.МҰХАН,

Шыңғырлау ауданы