12.07.2021, 9:52
Қараулар: 30
Сот тәртібімен денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру жөнінде кейбір мәселелер

Сот тәртібімен денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру жөнінде кейбір мәселелер

Шарттық және басқа да міндеттемелерді орындаған кезде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты даулар, егер зиян келтірген тұлғаның жоғары жауапкершілігі заңнамалық актілермен немесе шартпен көзделмесе, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешіледі.

Шарттық міндеттемелер деп шарттан туындайтын міндеттемелерді түсінген жөн. Мұндай шарттарға еңбек шартын (келісім-шарт), тапсырма шартын және т.б. жатқызуға болады.

Өзге де мән-жайлар деп жәбірленушімен шарттық қатынаста болмаған адамның келтірген зиянды өндіру жөніндегі міндеттемелерін, мысалы, айналасындағылар үшін аса қауіпті жағдай (жоғары қауіп көзін) туындатқан адамның қызметін және басқаны түсінген жөн.

Қойылған талаптардың сипатына қарай талап арызға жәбірленушіге зиян келтірілгені туралы растайтын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.

Арыздың дұрыс қаралуы үшін тараптардың қажетті дәлелдемелерді ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, судья дәлелді өтініш бойынша қажетті материалдарды ұйымнан немесе мүдделі адамдардан осындай дәлелдемелерді сұратып алуға ықпал етуге міндетті.

Толық не iшiнара кәсiби еңбек қабiлеттiлiгін, ал олай болмаған жағдайда – жалпы еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалтқан зардап шегушiлер денсаулыққа келген зиянды өтеттiруге құқылы. Егер кәмелеттік жасқа жетпеген, он төрт жасқа толмаған (жасөспірім) және еңбекақы алмайтын адам мертiксе немесе оның денсаулығына өзге де зақым келсе, денсаулығының зақымдануына байланысты шығындар өтелуге жатады.

Жәбірленуші (асыраушы) қайтыс болған жағдайда оның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем алып тұруға құқығы болған еңбекке жарамсыз адамдар, сондай-ақ адам қайтыс болғаннан кейiн дүниеге келген оның баласы және басқа да адамдар зиянды өтету құқығына ие болады.

Келiсiмшарт бойынша, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет міндеттерiн орындаумен байланысты жұмысшының денсаулығына келген зиянды ұйым немесе жұмыс берушi жеке тұлға, егер олардың кiнәсi анықталған жағдайда ғана өтейдi.

Егер жұмысшының денсаулығына келiсiмшарт бойынша, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, әскери қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты зиян жоғары қауіп көзі арқылы келтiрiлсе, мұндай зиян келтiргенi үшiн жоғары қауіп көзінің иесi жауапты болады.

Алайда, егер ұйым немесе жұмыс берушi-жеке тұлға берген көлiкпен жұмыс орнына бара жатқанда немесе одан қайтар жолда жұмысшының өмiрiне және денсаулығына зиян келсе, онда жұмыс беруші-жеке тұлға зардап шегушiнiң алдында жауапты болады.

Өтелуге тиiс жерлеу шығындарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығындар (табыт жасауға, өлген адам үшiн киiм, венок сатып алуға, зират қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзу және т.б. арналған шығындар) ғана жататынын ескеруi қажет. Ескерткiш пен қоршау орнатуға арналған шығындар да өтелуге тиiс, бұл орайда оларды әзiрлеудiң нақты сомасы алынады, бiрақ ол сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi бағасынан аспауға тиiс.

Ас беруге байланысты шығындарды өтеу кезінде спирт ішімдіктерін сатып алу үшін жұмсалған шығындар өтелуге жатпайды.

 

Шыңғырлау аудандық сотының судьясы

Әсел Ерсенқызы Маженова

 

Человек и Закон

Басқа да мақалалар