28.09.2021, 10:06
Қараулар: 62
            Аға буын әрдайым қолдау бермек

            Аға буын әрдайым қолдау бермек

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Бұл құжат әлем мемлекеттеріндегі түрлі саяси ахуал мен еліміздегі болып жатқан жағдайлардан көңілі күпті болған халықтың көкейіне үміт сенім ұялатқандай болды.

Әр Жолдаудан жақсылық күтетініміз рас.

Бұл Жолдауда да халықтың әл – ауқаты мен тұрмыстық жағдайын көтеріп, медицина мен білім, мәдениет саласына тың серпін беретін мәселелер қамтылған.Президенттің бұл бағыттарға көңіл аударғаны шын қуантады.

2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланған өзге сала азаматтары бұдан тыс қалған-ды.

Енді міне, 2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі жалқыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың тенгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

Бұл шара бір миллоннан астам адамға тікелей қатысты.

Өзім білім  саласының ардагері болғандықтан педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы  25 пайызға өсуі қуантады.

Президент Жолдауда ана тілімізге қатысты ұстанымында айтып кетті. Қазақстанның келешегі — қазақ тілінде. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана Мемлекеттік  тіл бар. Бұл-қазақ тілі,-деді Қасым- Жомарт Кемелұлы.

Аузы дуалы, сөзі уәлі зиялы қауым парасатты пайыммен,басты бастамасымен елге жөн сілтеп, дұрыс бағыт беру қажет. Жолдауда Президент бұл мәселеге айрықша тоқталды.Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағат-бағдар берген.Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін жерге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айырылмауымыз керек.

Зиялылардың басты міндеті-жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтырды жастардың бойына сіңіру.Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді дәріптеп, ел болашағы үшін әр мәселеде де шет қалмауы керек.

Жолдау Қазақстанның жаңа даму жолының арналарын айқындап берді.

Аудан арадгерлері халық үшін жасалып жатқан игі істерді қолдай отырып, Жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалуына өз үлестерін қосатын болады.

 

Сабыр Самиев,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы