17.09.2021, 11:24
Қараулар: 22
Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Қазақ ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі-ертегілер болып табылады. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы бастан кешкендері суреттеледі. Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білеміз. Жуырда Ақсуат ауылдық кітапханасында «Ертегімен есейеміз» жобасы аясында «Ертегілер еліне» саяхат өткізілді. Шара барысында оқырмандарымыз кім тапқыр, суреттің қай ертегіден алынғанын табу, кейіпкерлерін атау, кім ойшыл деген сұрақтарға қызыға жауап берді. Сурет бойынша ертегі де құрастырып, тапқырлықтарын көрсетті. Ерте, ерте,ертеде, – дей отырып  балаларға «Бауырсақ», «Қасқыр мен жеті лақ», «Алдар Көсенің сиқырлы тоңы» атты ертегілері айтып берілді.

 

                                                                                     С.ТАУОВА,

 Ақсуат ауылдық кітапханасының кітапханашысы