22.10.2021, 11:04
Қараулар: 40
Жерлестерге орден табыс етілді

Жерлестерге орден табыс етілді

Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35  жыл толып отыр. Осыған орай аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық апатына қатысқан тұлғалармен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі Әлия Биғазықызы тарихта орын алған Чернобыль апатының тарихына қысқаша тоқтала отырып, аудан бойынша апатқа қатысқан қатысушыларға «Воин-Ликвидатор ЧАЭС» орденін табыс етті. Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық апатына қатысқан Марат Аққужин, Юрий Гостяев, Марат Қуандықов, Владимир Львов те аудан басшылығына алғысын білдірді.

Өз кезегінде сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Баймұханов пен аудандық аурухананың бас дәрігері Қ.Жазықбаев өз салалары бойынша  Чернобыль ардагерлеріне көрсетілетін тегін қызметтер туралы баяндады.

 

Аман ІЗМҰХАН