28.09.2021, 10:18
Қараулар: 79
     Жұмыстар жалғасуда

     Жұмыстар жалғасуда

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен 1 желтоқсан аралығында республика көлемінде өтіп жатырған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы Ақшат ауылдық округінде де өз жалғасын табуда.

Ауыл-аймаққа рейдтік шараларын бастап кеткен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны М.Казекенов шаруа қожалықтарына тиесілі қыстақтарды аралап, жұмыс жасап жатырған азаматтардың төл құжаттарын тексеріп, аңшылық қаруларының сақтау талаптарына тексерістер жүргізіп, «іздеуде» жүрген азаматтарды анықтау бағытында жұмыстануда. Сондай-ақ 2020-2021 жылдарға арналған «Мал ұрлығының алдын алу Жол картасы» негізінде мал ұрлығын болдырмау, жеке тұрғындар мен шаруа қожалық жетекшілеріне өз малдарына ие болып, мұқият болулары айтылып ескертті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

                                                                                          Тимур ГАБДУЛЛИЕВ,

аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы