29.10.2021, 10:09
Қараулар: 56
        Лайықты үлес қосамыз

        Лайықты үлес қосамыз

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Туған жер» арнайы жобасы ел игілігі үшін атқарылған қыруар бастамаларға мұрындық болып келеді.
Егемендікке қол жеткізген 30 жылдың ішінде Тәуелсіз Қазақстан нарықтық экономика қағидаларына негізделген іргелі мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түсті. Осы орайда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде Ақбұлақ ауылдық округі бойынша көптеген жұмыстар атқарылды деп айтуға толық негіз бар. Мақаладан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауыл  әкімдігінің қолдауымен Шыбынды нүктесіне  тақтайша орнатылды.Өңірімізде болған  өлкетанушылар мен ғалым-мамандардың қатысуымен өткен экспедицияда осынау үстірт биіктігінің 279 метр екені атап өтілді.Сонымен қатар, «Туған жер» арнайы жобасының көлемінде жергілікті меценаттар өздерінің туып-өскен өлкелеріне, балаларға көңіл бөлумен айналысуда. Бұл – аталған арнайы жобаның негізгі мақсаттарының орындалғанының бір дәлелі.Бұл тұрғыда
Ақбұлақ ауылы  кәсіпкерлерінің бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық  жарыстарға демеуші болып келгенін мақтанышпен айта аламыз.”Баязит”ШҚ басшысы Аубакиров Болат  пресс-жаттықтыру құралын алып берсе,Тасмола орта жалпы білім беретін мектеп түлектері  жастарды спортқа тарту мақсатында спорттық жабдықтармен қамтамасыз етті.40жыл бұрын мектеп бітірген түлектер білім ордасына 2 колер табыстады. Қотантал елді мекеніндегі зиратты қоршау ауыл тұрғындарының күшімен жүзеге асырылып, қоршау жасалып, үйшік тұрғызылды. Ағымдағы жылы “Нұрсұлтан”ШҚ-ғы  ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша жарық нүктелерін қоюға көмектесті. Мұнан бөлек, ауылдағы  барлық шаруа қожалықтарының  басшылары, жеке кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына демеушілік, қолдау көрсету бағытында қайырымдылық іс-шараларына қатысып отырады. Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды сақтау, дәріптеу, өскелең ұрпаққа насихаттау бағыты бойынша 1 қазан — қарттар күніне байланысты әжелер ансамблі мүшелерімен тағылымды кездесу өтті. Тағылымды шара барысында ардагерлерге сый-құрмет көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарламамен көрме тамашаланды.«Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны анық. Сонымен бірге, ауыл әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшаларға тұрақты түрде жаңалықтар орналастырылуда.
Жалпы, ауылымызда халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі мәдени шаралар ұйымдастырыла береді. Басты мақсатымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына лайықты үлес қосу болып табылады.

                                                                               С.БАЙТЕНОВА,

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі