28.10.2021, 10:05
Қараулар: 64
Мәслихаттағы кезекті сессия

Мәслихаттағы кезекті сессия

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХІ кезекті сессиясы оздырылды. Сессия жұмысына аудан әкімі Ә. Мұханбетжанова, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері,дербес бөлімнің басшыларымен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Сессия жұмысы басталмас бұрын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев аудандық мәслихат депуттарының қатарына жаңадан қосылған Ақмарал Камзаеваны таныстырып, депутат куәлігі мен төс белгісін табыс етті.

Күн тәртібіндегі басты мәселеге сәйкес аудан әкімінің«Шыңғырлау ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» тыңдалды.Әлия Биғазықызы өз баяндамасында 2021 жылдың сегіз ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға,ауыл шаруашылық саласында мүйізді ірі қара малының саны 12,6 пайызға өскенін, сонымен қатар жыл басынан бері аудан бойынша 14 шаруа қожалық ашылғанын айта  келе, аудан көлемінде жүргізілген құрылыс жұмыстарына, жол мәселесіне, жұмыспен қамту және денсаулық, мәдениет, ветеринария секілді маңызды салаларға да кеңінен тоқталып өтті.

Аудан басшысының аудан көлемінде атқарылған жұмыстары жөніндегі баяндамасы халық қалаулылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Аман ІЗМҰХАН