22.10.2021, 11:18
Қараулар: 45
                  Орталықта өткен күз мерекесі

                  Орталықта өткен күз мерекесі

Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 30 жыл қарсаңында Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Менің Отаным — Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициясы шеңберіндебалалар-жасөспірімдер туризмі топ оқушыларымен «Алтын Күз-Золотая Осень» байқауы өтті.Туризм және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары күз мезгілі туралы балаларға қызықты мәліметтер берді. Байқауда күзгі гүл шоқтары, азық-түлік жәрмеңкесі,  гербарий апликациясы, тақпақты мәнерлеп оқу, қолөнерден қызықты заттар дайындау,  фотосурет, би кезеңі, ән айту, күзгі бутерброд сайыстары өткізілді.Жаяу туризмі, экология, өлкетану, геология бағыттары бойынша да үйірме оқушылары байқауға белсене қатысты.

Байқау кезеңдерінен сүрінбей өткен Н.Медет,Ә.Иржанов,А.Амангелді,З.Медет,С.Рамазанова,А.Давлетова және А.Ажгереева,Г.Айтжанова жәнеЖ.Орынғали жүлделі орындарды иеленді.Көрермендердің таңдауымен  қатысушылар арасынан «Күз Ханзадасы» мен «Күз Ханшайымын» анықтап,Әділет Иржанов пен Назерке Медет бұл аталымдарға лайық деп танылды.Осы шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан орталықтың қосымша білім беру педагогтары А.Гайсиеваға, Р.Қажығалиеваға, Ә.Исқалиева мен М.Айдосқа қатысушылар дән риза.

С.СУЛЕЙМАНОВА,

 аудандық туризм және экология орталығының туризм бөлімінің меңгерушісі