14.10.2021, 15:42
Қараулар: 63
«Толағай»-да топ жарды

«Толағай»-да топ жарды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және жастар ресурстық орталығының қолдауымен Л.Қылышев орта жалпы білім беретін мектебінде «Толағай» отбасылық эстафета сайысы өтті.

Бақ сынаған бес отбасы 8 кезеңнен тұратын сайыс шарттарынан сүрінбей өтуге күш салды.  Шапшаңдық пен ептілікті, бірлік пен белсенділікті талап еткен спорттық шараны қызықтап келгендер де, жанкүйерлер де көп болды.

Нәтижесінде, І орынды Ғазизовтар, ІІорынды Бақытжановтар, ал ІІІорынды Махметовтар отбасылары жеңіп алды. Басты қарсыластарына дес бермеуге тырысып, өздерінің дайындықтарын барынша көрсете алған Исағалиевтер мен Завьяловтар жанұялары белсене қатысқандары үшін алғыс хатқа ие болды. Барлық қатысқан отбасылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

 

                                                                                              Назым АЙҚЫН