9.11.2021, 10:52
Қараулар: 60
Тың әдіске бет бұрған ауыл

Тың әдіске бет бұрған ауыл

Әр заманның озығы бар, тозығы бар демекші, қымбатшылық жайлаған кезең ауыл адамдарына да оңай тиіп тұрған жоқ. Десек те, үнемдеу мен ізденісті өздеріне серік еткен ауыл тұрғындары талай жақсы істердің жаршысы болатын түрлері бар.

Сөзімізге негіз болған Ақтау ауылы жарқын істердің жаршысыболып жүр. Жақында ғана ауыл адамдарының көптен уайымы болып жүрген бір мәселе түбегейлі шешіліпті. Нақтырақ айтсақ, көшені жарықтандыру бойынша тұрғындар өтініштері ескеріліп, қанағаттандырылған.

Қазіргі күні шақырымдап немесе белгілі бір территорияға шақтап  электр желісін тарту, үлкен қаражат қажеттілігін туындататын шығын екені белгілі. Соның ішінде бағана сатып алу, оны орналастыру жеңіл шаруа емес.Ал ақтаулықтар ойластыра келе бұның басқа да жолы барын екшелеп,ауыл халқы сұраған көшені жарқыратып қоюға мүмкіндікті қарастырған. Ал, осы істі қолына алған «Акулов» жеке кәсіпкерлігі аз уақыт ішінде екі көшені жарықтандырып, ақтаулықтардың ризашылығына бөленді.

Міне енді, заманауи техникалық жетістіктердің бірін ақтаулықтар да көруге мүмкіндік алды. Небары 450 мың теңгеге жергілікті бюджеттің қаражатына алынған күн сәулесімен қуаттанғыш шамдар, күндізгі уақытта «күш» жинап, ал түнде Ақтау ауылының екі көшесін жарықтандырып тұрады.

-Заман ағымнан қалыспай, тқрғындардың жағдайын жасау, ауылды көркейту, абаттандыру жұмыстары жопарлы түрде атқарылуда,-дейді ауыл әкімі Мұрат Қайыржанов.

 А.МУСА