13.09.2021, 17:24
Қараулар: 49
      Тіл мерекесіне арналды

      Тіл мерекесіне арналды

Еліміздің әрбір азаматы мен азаматшасыөзінің ана тілін жетік білуіменқатар оның мәртебесін көтеруге, құрмет тұтуға ат салысуы тиіс. «Ана тілің- арың бұл, ұятың боп тұр бетте…» деген сөз тіркесі ір адамның жүрегінде мықтап ұялауы керек.

Ана тілімізбенбірге салт-дәстүр, ата ғұрпымызды берік сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа мирас етсек қана біз еліміздің ертеңіне сенімді боларымыз анық. Бұл бағытта талай жұмыстар жасалып, небір шаралар оздырылуда. Соның біріжыл сайын елімізде ерекше аталып өтетін- тілдер күні меркесі.

Аталған мерекеге орай, жақында Шыңғырлау аудандық демалыс орталығының жұмыс жопарына сәйкес аудандық мәдениет үйінде шара өтті. Барлық санитарлық сақтық шарттары орындала келе,  аудандық мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты викториналық сайыс оздырылды.

Бұл сайыс бір жағынан, қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді ынталандыру, мемлекеттік тілді жетік меңгерген қабілетті мамандарды анықтау және қолдауболды.

Сондай–ақ, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау болып табылды. Викториналық сайыс 3 кезеңнен тұрды. «Ойлан, тап!» сұрақ-жауап бөлімі, «Бәйгеге түсіп жарыспай…»,«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» мақал-мәтел кезеңі және ел тарихын қаншалықты білетіндігін сараптайтын «Тарих жырлайды» бөлімі.

Ұйымдастрылған сайыс маңыздылығымен, жаңашылдығымен есте қалды.

Жүйріктерді таңдап, жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасы ақылдаса келе, бірінші орынға-аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісіБөбек Хамитоваға, екінші орынға Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Марал Аленова лайық деп тапса, 3-ші және 4 орындар «Дән» мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Ахат Қалиевпен аудандық жастар ресурстық орталығының әдіскері Серікжан Тасқалиевке берілді.

Сайыстан алған әсер де көп, әрі оған қатысушылар үшін біліктіліктерін тағы бір сүзгіден өткізген мазмұнды шара болды.Тіліміздің мәртебесі көтеріле берсе білімі терең жастарымыз да,тіл  жанашырлары да Президентіміз қойған міндеттерді алға апарары сөзсіз.

   А.МУСА