17.09.2021, 10:17
Қараулар: 48
Тәуелсіздік – қасиетті тұғырым

Тәуелсіздік – қасиетті тұғырым

Биыл халқымыздың батырлығы мен батылдығы, қайраттылығы мен ержүректілігі арқасында қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Елімізде Тәуелсіздіктің таңы атқаннан кейін тамыры теренде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды, жаңа тарихы қалыптасты. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу және тәуелсіздіктің жетістігі мен құндылықтарын насихаттау әр азаматтың басты парызы деп білген жөн. Осы орайда Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында Тәуелсіздік қасиетті ұғым, ұлтымыздың дамуының, өсіп-өркендеуінің басты кепілі екендігін ұғындыра отырып, кітапхана пайдаланушыларының соның ішінде өскелең ұрпақтың еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Жыл басынан жүйе кітапханаларында «Тәуелсіз елім – Қазақстаным», «Қазақстан: уақыт жетістіктері», «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры», «Тұғыры биік Тәуелсіздік», «Мәңгілік ел – шежіресі даламның» тақырыптарында кітап көрмелері, инсталляциялар мен макеттер безендірілді.

Аудандық орталық кітапханасы «Тәуелсіздік мұраты — Мәңгілік ел», «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ордалы елдің 30 жылдығына – 30 кітап», «Жарқын болашақтың 100 оқулығы» атты кітап көрмелерінің таныстырылымын аудан мекемелері арасында жүйелі түрде өткізіп отыр. Кітап көрмесімен алғаш болып аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері танысты. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берер білім саласының белді мамандары кітап оқуды қолға алып, өз орталарында кітап оқуды ілгерілетуді мақсатында «Оқитын ұжым» жобасын қолға алғаны.

Жүйе кітапханаларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік мәңгі елдің тұғыры» атты шолу, «Тәуелсіз ел әдебиеті» атты әдеби вернисаж, «Менің елім — Қазақстан» атты викториналық сайыс, «Рухы биік ел — Қазақстан», «Тәуелсіз елім — тұғырың сенің биікте» атты дауыстап оқу шаралары да өткізілді. Сондай шаралардың бірі «Тәуелсіздік мұраты — мәңгілік ел» тақырыбындағы библиомарафонына жас ақындар, кітапхананың белсенді оқырмандары Самат Байболат пен Айдос Исекенов шақырылды. Марафон  жас  қаламгерлердің Тәуелсіздікке арнаған туындыларын оқуымен  басталып, одан әрмен тәуелсіздік құрдастарының  туған жер, ел туралы  ән-жырларды орындауымен жалғасты. Қазіргі кезеңде кеңінен қолданысқа енген онлайн форматта да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жариялануда. Аудандық орталық кітапханасы дайындаған «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнеақпараттар циклы, Амангелді ауылдық кітапханасының  «Еркіндігім — елдігім, тәуелсіздігім — теңдігім» атты поэтикалық марафон, Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының «Гүлдене бер, Қазақстан» атты балалар сурет байқауы, Алмаз ауылдық кітапханасының «Тәуелсіздік жылдарындағы Елорда» тақырыбындағы әдеби подиум, аудандық балалар кітапханасының «Мой Казахстан, цвети и процветай» атты поэтикалық этюд және тағы басқа да көптеген шаралар кітапханамыздың сайтына), әлеуметтік желілердегі кітапхана парақшаларына жүктеліп отырылуда. Бұл шаралар кітапхана пайдаланушыларының еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымен таныстыра отырып, әр азаматтың ертеңіне деген сенімін бекітеді. Осындай танымдық шаралар арқылы Ұлы дала елінің еркіндігі мен ерлігін дәріптей отырып,  елдігіміздізді сақтап, қалыптастырған көрнекті тұлғалардың өнегелі өмір жолдарына құрметпен тағзым етіп, Отанымызға деген құрмет сезімін ұялататын жұмыстарды жалғастыра бермекпіз.

 

                                                            Мансия САКИЕВА,

аудандық орталық кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлімінің жетекшісі