14.03.2021, 15:56
Қараулар: 134
«Амал келді-жыл келді» атты мерекелік шара өтті

«Амал келді-жыл келді» атты мерекелік шара өтті

Шара «Сарқырама» тобының орындауында «Наурыз думан» әнімен ашылды. Одан кейін ата мен немеренің Көрісу туралы сахналық көрінісі көрсетіліп, немересі Сұлтанның «ата, көрісу мейрамы деген қандай мейрам?» деген сауалына атасы Жұмабай Байғалиев: «Бұл ежелден келе жатқан төл мерекеміз көрісу күні. Қазақ халқы үшін бұл күннің маңызы зор. Күн мен түн теңеліп, жаңа күннің бастауы болып, қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-бірін құттықтап, дастархан жайылып, үлкендерден бата алған деп бүгінгі Көрісу күнінен түсінік берді».
Мерекелік шара мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы