31.05.2021, 17:09
Қараулар: 42
Аманат жауапкершілік жүктейді.

Аманат жауапкершілік жүктейді.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы мен оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жолын көрсеткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елдің әлеуметтік ахуалын айтарлықтай жақсартудың межелері көрсетілген болатын. Бұл тұрғыда “Nur Otan”партиясы ауданды дамытудың жеті басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.Оның басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасы мен әл ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.Шоқтыбай елді мекені тұрғындарымен кездесуде маған ауыл тұрғыны Я. Жоламанов тұрғындар үшін өзекті мәселе деп ауыз су мәселесін алға тартқан болатын. Аталған ұсыныс аудандық сайлауалды бағдарламаға енгізілді.Бүгінгі күні Шоқтыбай ауылына су құбырының құрлыс жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайын,сараптама бар, жұмыстар басталды. Тендер нәтижесінде “Дәнекер” ЖШС мердігері анықталды. ”Қазэкология Жобалау” ЖШС авторлық “Мұзтау” ЖШС техникалық қадағалауларды жүргізетін болады. Қай деңгейде болмасын депутаттан үлкен жауапкершілік талап етіледі. Оған артылатын аманаттың, жүктелетін міндеттің салмағы қашан да ауыр, жауапкершілігі де үлкен. Әсіресе, халықпен біте қайнасып, күнделікті арасында жүретін аудандық мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес екені анық. Өйткені, халықты қолдау, оның мәселесін шешу мәслихат депутаттарының басты міндеті десек, мұны аудандық мәслихат депутаттарымыз жақсы түсінеді. Депутат болу мен үшін үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әрдайым аманатқа адалдық таныту да ,қабылдауға келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары да менің жұмыс кестем болып табылады.Жұмыс барысында халықтың тарапынан көтерілген сұрақтарды басты назарда ұстаймын,шешу жолдарын анықтаймын. Мен көп балалы отбасында тәрбиелендім.Сондықтан көп балалы, аз қамтылған отбасылардың тыныс тіршілігіне сараптама жасап,қолдауға тырысамын. “Nur Otan” партиясы қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс атқаруда. “Nur Otan” партиясы елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанады. Партия әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнамасының  тиімді іске асырылуы еліміздің өркендеуін, әділдіктің үстемдігін, заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

С.Байтенова

“Nur Otan”партиясы аудандық филиал

төрағасының бірінші орынбасары