31.12.2020, 18:19
Қараулар: 502
Ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтады

Ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, еңбек ардагерлері, қоғамдық медиаторлар, мекеме басшыларымен кездесті. Мерекелік дастархан басында аудан әкімі Әлия Биғазықызы ардагерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері кейінгі буынға әрқашан үлгі болып қалатынын жеткізді. Еліміздің игілігі үшін көптеген жылдар бойы атқарған жұмыстарына алғыс айта келіп ардагерлерге облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің құттықтау хатын, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Даумовтың және аудан әкімі атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Ардагерлер өз кезегінде өздерінің қызмет жолындағы тағылымға толы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, ауданымыздың жылдан жылға көркейіп, түлеп келе жатқанын тілге тиек етіп, өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, ризашылық танытты.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы