24.06.2021, 18:49
Қараулар: 29
Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы  Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында  аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың қатысуымен ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Ең алдымен кеңес төрағасы С. Сәмиевтің 2020 жылдан 2021 жылдың І жартыжылдығына дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есебі тыңдалды. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Б.Сапаров, Р.Тұрмағамбетов, М.Бекжанов та өз ойларын ортаға салып, ардагерлер кеңесінің жұмысына көңілдері толатынын жеткізді.

Отырыс барысында аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Баймұханов атқарылған жұмыстары мен бөлінген қаржы көлемі жайында баяндама оқыды. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы жиналған барша ардагерлерге алғыс білдіріп, ардагерлердің көңіл толқытарлық сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, ауданымыздағы ардагерлер ұйымының жаңа кеңес мүшелігіне 25 адам, ардагерлер ұйымы кеңесінің жаңа құрамына 5 адам ұсынылып бір ауыздан мақұлданды.

Облыстық ардагерлер ұйымының шешіміне сәйкес аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сабырғали Самиұлы облыстық ардагерлер ұйымының конференциясына делегат болып сайланды.

Шара соңында ауданға еңбегі сіңген ардагерлерге  аудан әкімі Әлия Биғазықызы алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы