22.01.2021, 18:12
Қараулар: 272
Ауылдың ертеңіне сенеді

Ауылдың ертеңіне сенеді

Ардақ ауылында бұдан он жыл бұрын халықтың саны едәуір азайған еді. Ауылдастар алдында елді — мекен тұрғындары азайып, жойылып кетпесе екен деген қауіп тұрды. Былтырғы жылы ауылымызға жаңа әкім тағайындалды. Әкіміміз Саида Бркенованың басшылығымен ауылымыз күннен күнге жаңарып, өзгеше келбет алуда. Түтіні түзу ұшқан, бірлігі бекем ауылға айналдық. Әкім бол, әкім болсаң-халқына жақын бол дегеннін өзі осы екен -ау.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бабаларымыз тегіннен тегін айтпаса керек. Келген әкіміміз қайырымды жан ғана емес, білімді де білікті десек артық айтқандық емес.

Қаз-қатар тізілген үйлер тізбегі «Көрдіңдер ме, бізде керемет тіршілік бар» дегендей мен мұндайлайды. Ауыл көшесінде тазалық жақсы, ауылға қарап әкімін таны деген осы ғой. Біздің жерді көріп, жергілікті халықпен қоса басшы да еңбекқор жан екен деп ой түйесің. Әкімнің жайлы мінезі, жылы қабағы ғана емес талапшылдығы да көпшіліктің көңілінен шықты, қожырауға, тіпті пандемия кезінде де босаңсуға жол бермеді. Ауылымыздың барған сайын бірлігі бекемденіп, ұйымшылдыққа ұйып отырмыз. Саида Жұмайқызы адамды түріне, жүзіне қарап бөлмейді. Ұлтына емес ұстамына қарап бағалайды. Атқарған жұмыстары баршылық, егін және мал шаруашылығымен айналысатын шағын қожалықтарға көмегі көп болды. Мал ұстаған жандарға малды суаратын суаттар жасатып, барлық жағдай жасады. Ауылымызда аз қамтылған отбасыларга көмек көрсетіп қамқорлыққа алды. Мектеп орталығына шағын мұз айдынын өзі бас болып, жасауға қолдау көрсетті. Бұл әсіресе, қысқы демалыс кезінде балалардың сүйікті орнына айналды. Биылғы оқу жылында әр үйге интернет енгізді. Аз уақыттың ішінде атқарылған тындырымды жұмыстары үшін халық әкімге ертеңгі жарқын күндерге деген сенімдерін бекіте түскені үшін де ризашылығын білдіруде.

Ардақ ауылының тұрғындары атынан А.ТАЛАСБАЕВА,

Шыңғырлау ауданы