28.04.2021, 17:00
Қараулар: 66
Ауыл сәнін келтірер сенбіліктер

Ауыл сәнін келтірер сенбіліктер

Жуырда ауданымызда мекемелердің жұмылдырылуымен көктемгі сенбілік өтті.

Аудан әкімімен 2021 жылғы 15 сәуір – 15 маусым аралығындағы Шыңғырлау ауданы бойынша тазалық айының іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуір күні барлық мекемелер мен бөлімдер өздерінің бекітілген көшелерінен тұрмыстық қалдықтар жинастырып, ауданымыздың тазалығын қолға алды. Осы сенбілік нәтижесінде ауданымыздан 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Қоқыс жәшіктерінің айналасынан, көше бойынан тұрмыстық қалдықтар жиналған тазалық шарасына барлық мекеме ұжымдары белсене атсалысты. Бұл іс-шара әрі қарай жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар.

Ауданымыздың көркеюіне өз үлесін қосқан қызметкерлер болашақта да осындай сенбіліктерге аянбай көмектесетіндерін жеткізді. Аталмыш шара  аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Сол себепті аудан тұрғындарын да сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз!

                                                                                                                                                           А.ЛЕПЕС,

Шыңғырлау ауданы