13.08.2021, 11:55
Қараулар: 111
Ауыл әкімі жастармен кездесті

Ауыл әкімі жастармен кездесті

Ашық диалог форматында өткен кездесуді мәдениет қызметкерлері ұйымдастырды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Бүгін Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Байтенова ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында жастар күніне байланысты ауыл жастарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме жүргізді. Кездесуге ауылдың белсенді жастары, жас мамандар мен жұмыссыз жүрген жастар да келді. Қоғамның басты қозғаушы күші — жастар өздерін ойландырып жүрген сауалдарын қойып, жүзеге асқан жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті. Ашық, еркін форматта өткен кездесуде округ әкіміне жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптарын алды. Біздің халқымыз “ақыл жастан шығады» деп әрдайым жастарға үлкен сенім артып, олардың алғы күндерге деген ұмтылыстарына қанат бітіріп, қолдап отырған. Еліміздің тәуелсіздік жылдары ішінде де көптеген бағдарламалар жастардың бүгінгі күн мен болашаққа сеніммен қарауына және жан-жақты жарасымды жетілуіне кең жол ашты.  Ел болашағы – жастар ендеше елімізде қабылданған салалық бағдарламалар жастардың жігерін ұштап, олардың әрбір істе биіктерден көрінуіне серпін беріп келеді. “Ел абыройын асқақтататын да, тәуелсіздігін тұғырлы ететін де  сіздерсіздер құрметті жастар”-деп атап өткен ауыл әкімі жастарға алған білімдеріңізбен,парасат пайымдарыңызбен,еңбекке деген күш жігерлеріңізбен ауылымыздың өсіп-өркендеу үшін қызмет атқарыңыздар деген игі тілегін білдірді.

Алмагүл Имашева,

Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры

Шыңғырлау ауданы