31.12.2020, 18:22
Қараулар: 367
Балаларға ортақ мереке

Балаларға ортақ мереке

Қандай қиын кезең болса да балаға мерекелік көңіл-күй сыйлау әр ата-ананың, қоғамның назарынан тыс қалмайды. Соның ішінде ертегілер әлеміне жетелейтін, әлдебір сиқырлы ғаламшардан келетіндей көрінетін  Жаңа жылдың жөні балалар үшін мүлде бөлек. Аяз Ата мен Ақшақарды күн ілгері күтіп, қандай сыйлық береді деп сәби көңілмен алаңдап  жүретін балақайлардың үміттерін ақтаудың, қуаныш сыйлаудың өзі бір ғанибет. Үстіміздегі жылғы індет салдарынан көптеген шараларға тыйым салынғанымен, меүмкіндігі шектеулі, үйден әлеуметтік жағынан қамтылып отырған балаларға қуаныш сыйлау мақсатында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан  орталығындағы және ауылдық округтердегі 16 жасқа дейінгі 28 балаға  демеушілердің көмегімен жинақталған   сыйлықтарды табыс етті. Сонымен қатар,  демеушілердің қолдауымен алынған «Вертикализатор»  бұйымын Алмаз ауылындағы Жантөрі Нұрғали Самғатұлына сыйға тартты.

                                                                       Гүлшат ИБРАГИМҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы