8.06.2021, 16:33
Қараулар: 42
Бірінші орын иегері – Гүлім

Бірінші орын иегері – Гүлім

Сайыскерлер бірінші кезеңде өздерін таныстырған бейне роликті көпшілік назарына ұсынса, екінші кезеңде Қазақстан Респуюликасының «Тіл туралы» заңына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, байқаудың келесі кезеңінде құжаттарды ресми тілден мемлекеттік тілге аударып, екі тілде құжат жүргізу шеберліктерін ортаға салды.
Нәтижесінде байқау қорытындысы бойынша әр кезеңнен сүрінбей өткен әрі үздік деп танылған жерлесіміз Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы Гүлім Болатжанова бірінші орынды иеленді. Бойында ақындық қасиеті бар Гүлім Ғалымқызы байқау барысында өз ойын мемлекеттік тілде қара сөзбен де, өлеңмен де шебер жеткізе біліп, өзін барлық қырынан жақсы көрсете білді.
Жерлесіміз Гүлімді жеңісімен құттықтай отырып, қызметте тек табыс пен жеңіс тілейміз.