21.06.2021, 17:43
Қараулар: 28
Газетке қолдау білдірді

Газетке қолдау білдірді

Ақбұлақ ауылдық округінде мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастыру барысында кәсіпкерлер тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Мысалға, ”Нұрсұлтан” шаруа қожалығының басшысы С.Кабаков өз қаражаты есебінен зейнеткерлер үшін 15 дана аудандық басылымды, “Бердыбай  Бекзат” шаруа қожалығынан Хаятуллаев Мақсат ауылдың көп балалы отбасыларына он дана аудандық, бес дана облыстық басылымдарға алты айға тегін жаздырып берсе, «Айтмұхамбет» шаруа қожалығының жетекшісі Айтмұхамбет Акнуров өз кезегінде 10, ал «Алтайыр» шаруа қожалығының басшысы Әлібек Имакаев та дана 5 дана «Серпін» газетін жаздырды.

  • Ауылдық округ тұрғындары, шаруа қожалық басшылары баспасөз науқанында белсенділік танытып, баспасөзге бір адамдай жазылуда. Мерзімдік баспасөзіне қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып, елмен етене араласып келе жатқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін, — дейді Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Бәйтенова.

Игі шараның жалғасын табуы мерзімдік басылымдарға оқырман көбейтіп, ақпараттық қолдауға жарқын бастама екені де анық.

А.САҒИ,

Шыңғырлау ауданы