3.02.2021, 14:46
Қараулар: 148
Газ қалдықтарынан уланудан сақ болыңыз!

Газ қалдықтарынан уланудан сақ болыңыз!

Шыңғырлау ауданының ТЖБ-і аудан аумағы бойынша жылу беру кезеңінде өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануын, сонымен қатар улану фактілерін болдырмау мақсатында рейд ұйымдастырды.

Атап айтқанда аудандық №23 өрт сөндіру бекетінің қарауылдық қызмет атқарудан бос қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерімен бірлесіп жеке тұрғын секторларында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін» ұйымдастырып, өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізу мақсатында тұрғын үй секторлар аулаларын аралады.

 

Шыңғырлау ауданы ТЖБ