18.05.2021, 18:25
Қараулар: 85
Генерал — майор мектебіміздің түлегі

Генерал — майор мектебіміздің түлегі

6 мамыр күні – Қазақстан  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық  шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа  сәйкес   генерал- майор атағы  біздің жерлесіміз Кучекбаев Мереке Мәтімұлына да берілді. Мереке Мәтімұлы  А.Тихоненко атындағы  ЖОББМ 1993 жылғы түлегі. Алматы  жоғары жалпы әскери командалық  училищесін (1997), ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетің (2007), Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас Штабының Әскери Академиясын (2017) тамәмдаған. Кәсіби еңбек жолы: танк взводының, танк  ротасының командирі, штаб  бастығы- танк батальоны командирінің орынбасары, батальон командирі, штаб бастығы- ҚР КҚ ӘҚ Десанттық- шабуылдау әскерлері  қолбасшысының бірінші орынбасары. Қазіргі таңда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің  қолбасшысы. Өскелең  ұрпақты қазақстандық  патриотизмге тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру жолында  өнеге болып жүрген мектебіміздің түлегін әрдайым мақтан тұтамыз.  Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқарып жүрген қызметі  абыройлы болсын!

                                                                                                 А.ҚАЛМАҒАНБЕТОВ,

«А.Тихоненко атындағы ЖОББМ»

АӘТД оқытушысы

Шыңғырлау ауданы