30.03.2021, 16:54
Қараулар: 81
Гір тасын көтеруден күш сынасты

Гір тасын көтеруден күш сынасты

Жуырда «Шымырлық пен шеберлік» атты гір тасын жұлқып көтеруден аудандық онлайн жарыс оздырылды. Жарысқа 40 жасқа дейін және 40 жастан жоғары ерлер қатысты. Бәйгеде бақ сынасқан спортшылар шеберлік деңгейлерін дәлелдеді. Нәтижесінде: 40 жасқа дейінгі Б.Сапаров -І орын, М.Мендалиев  — ІІ орын, М.Юсупов -ІІІ орындарды иеленді.

Ал, 40 жастан жоғары ерлер арасында М.Юсупов – І орын, Р.Жупиев — ІІ орын, Д.Нургазиев -ІІІ орындарды қанжығаларына байлады.

Ең жас қатысушар А.Мусаев пен Б.Кабидуллиев жеңіске деген жігері үшін аталымына ие болды.

Жеңімпаздар спорт клуб атынан дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және Бжсм-нің гір спорты аға жаттықтырушысы М.Юсупов атынан медальдармен марапатталды.

М.Мендалиев,

Ақбұлақ ауылдық округінің спорт әдіскері