19.05.2021, 18:31
Қараулар: 70
Гүлзарлар саны көбеюде

Гүлзарлар саны көбеюде

Аудан орталығында көшелерді жасыл желектермен жерсіндіріп, көгалдандыру жұмыстары одан әрмен жалғасуда. Ендігі қолға алынып отырған жұмыс-көшелер бойына әдемі гүлдерді арнайы орындарға отырғызып, көргеннің қызығушылығын тудыратын әдемі гүлзарларды көбейту. Осы мақсатпен Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әділ Қаражановтың қолдауымен Орал қаласынан 600 дана шырайгүл тұқымдары және жеке кәсіпкер Ақдәрі Ботановадан 150 дана раушан гүл тұқымдары алынған болатын. Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімінің мамандары мен қоғамдық жұмысшылары осы гүл түрлерін Л.Қылышев, А.Құнанбаев көшелерінің бойындағы гүлзарларға, «Астана» паркіне және темір жол вокзалы маңындағы алаңға отырғызды.

Соңғы жылдары аудан көшелерінің бойында гүл алаңдарын көбейту, тұрғындардың да өз ауласының төңірегінде әдемі гүлдер түрлерін отырғызу кең қолдау тауып келеді. Ауыл көркіне үлес қосып, осы бастаманы жалғастырып келе жатқан тұрғындардың да көбеюі қуантады.

Енді, осы жұмысты атқарғандардың еңбектеріне қолдау көрсетіліп, гүл алаңдары күтімге алынып, баршамыздың көз қуанышымызға айналғай!

                                                                              Гүлім ШЫНТАС,

Шыңғырлау ауданы

                                                                              Гүлім ШЫНТАС,

Шыңғырлау ауданы