7.12.2020, 17:19
Қараулар: 348
Діни ахуал бақылауда

Діни ахуал бақылауда

Жуырда аудан әкімдігі жанындағы дін істері жөніндегі кеңесте қоғамдағы рухани келісім мәселелері жөніндегі отырыс өткізілді. Кеңесте аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталығының теолог маманы М.Ғұбайдуллин аудан бойынша діни ахуал жөнінде, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Рухани келісім – бұл әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың және халықтың бірлігін нығайтудың бірден-бір жолы. Біз ынтымағы мен татулығы жарасқан берекелі мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің қоғам әрқашанда татулық пен бірлік деген кезде жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілігін сақтап, бір-бірі үшін қолынан келгенін жасап, татулықта өмір сүріп жатыр. Қазіргі әлемде дінаралық татулықты сақтау – ең өзекті мәселелердің бірі.

Дінаралық достықты, келісім мен татулықты сақтау үшін ел болып жұмылып, тұрақты әрі сенімді тынымсыз еңбек атқаруылы қажет. Сонда ғана Қазақстанда етене өмір сүретін сан алуан ұлт және конфессия өкілдері қуатты әрі мықты күшке ие бола алады деп әңгіме өрбіткен М.Ғұбайдуллин аудан бойынша дәстүрлі емес діни ұстанушы тұлғалар қадағаланып, қатаң бақылауға алынуда екенін және мұндай бағыттағы адамдармен жекелеген әңгімелесулер өткізіліп жатқанына тоқталып өтті. Ащысай, Ақшат, Жаңакүш ауылдық округтерінде діни экстремизмның алдын алу бойынша кездесу жұмыстары өткізіліп келетіндігіне тоқталды. Ауданымызда діни ахуалдың тұрақты болуы басты назарда болмағын жеткізді.

 

                                                                                            Гүлім ШЫНТАС,

Шыңғырлау ауданы