26.03.2021, 18:18
Қараулар: 97
Елбасы медалімен марапатталды

Елбасы медалімен марапатталды

Үлкен еңбектің арқасында, нәтижеге жеткен жандар арасында ауданымыздың қос тұрғыны да бар. Екеуі де Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары. Кішкентай болса да үлкен дәрежеге жеткен Ботагөз Қармысова – қазіргі таңда 10 сыныпта оқыса, талантымен, марапаттарымен ел аузында жүрген Нұргүл Байғалиева биыл мектеп бітірмек.
Осы «Елбасы медаліне» ие болған қос оқушыны аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қабылдап, жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да терең білімдерімен биіктерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Айбарша Лекерова,
Шыңғырлау ауданы