15.02.2021, 17:28
Қараулар: 167
Ерлік – ешқашан ұмытылмайды!

Ерлік – ешқашан ұмытылмайды!

 Бүгін 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Осыған орай интернационалист-жауынгерлерге арналған монумент алдында Ауған соғысына қатысып, қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған басқосу болды. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев және ауған соғысының ардагерлері қанды қырғында мерт болған сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы кезеңдерінің бірі саналатын Ауған соғысына Шыңғырлау ауданынан да 41 жас жеткіншек аттанады. Өкінішке орай, бір жерлесіміз жат елде ерлікпен қаза болса, қалған қандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жаны да, тәні де жаралы елге қайтады. Бүгінде ауданымызда 11 ауған соғысының ардагері бар.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы