8.09.2021, 11:59
Қараулар: 82
«Жасыл елдіктер» алғысқа лайық

«Жасыл елдіктер» алғысқа лайық

Аудан орталығында жаздың аптап ыстығында өнікті еңбек еткен жастар еңбегі шын мәнісінде алғысқа лайық. Екі айға созылған олардың жұмысы да мәреге жетіп, «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылу салтанаты жүзеге асырылды. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппараты және аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» «Жасыл ел» жасағының сарбаздарымен бірігіп ауданымызды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына мұрындық болған еді. Еңбек жасағы аудан орталығы ғана емес, сонымен қатар ауданымыздағы табиғи аймақтарда да тазалық жұмыстарын жүргізген болатын. Екі кезеңмен еңбек еткен 60 сарбаз арнайы киімдермен, құрал-жабдықтармен жасақталды.

Арнайы шарада Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Әділ Қаражанов жауапкершілік танытқан жастарға өз ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде   көзге түскен жастар облыстық штаб жетекшісі А.Тапишевтің алғыс хаттарымен де  марапатталды.

                                                                                            Н.АЙҚЫН