21.06.2021, 15:08
Қараулар: 46
Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес

Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес

  Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндеміз. Осы орайда, Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекция жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша инспекция қызметкерлерінің жұмыстары талданып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау, кемшілектерге жол бермеу мақсатында тоқсан сайын жиын өткізіліп отырады.  Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің  тиімділігіне  деген сенімді сетінетеді және ұлттық қаупсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады деп атап көрсетілген. «Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде  жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру  арқылы жемқорлықпен  күресті қатты күшейтуіміз керек»,-деген Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың сөзін қоғамның барлық  топтары түсінген жөн. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.  Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықтан әркімнің де аулақ  болғаны жөн.  Біз бұл кеселге қоғам болып қарсы тұрмасақ ешқашан алға жылжымаймыз.  Сайып келгенде сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамызға ортақ іс!

Н.СҰЛТАНОВ,

ҚР АШМ АӨК МИК

                            Шыңғырлау ААИ басшысы