24.06.2021, 19:05
Қараулар: 21
Жерлестеріміз үздіктердің қатарында

Жерлестеріміз үздіктердің қатарында

23 маусым — Қазақстан полициясы күніне орай Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында мереке шара ұйымдастырылды.  БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев  өңірдегі полиция департаментінің ұжымын құттықтап, бірнеше қызметкерлерді марапаттады.Облыс көлемінде қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін Шыңғырлау ауданының полиция бөлімінің Тб-нің аға тергеушісі полиция майоры Шолпан Бақтыбайқызы Касимова Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірінің 2021 жылғы 15 маусымдағы  № 299 ж/қ бұйрығымен ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен награтталды. Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімшесінің аға УПИ полиция майоры Кива Иван Дмитриевич БҚО әкімі Ғ.Ескалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы