20.01.2021, 15:37
Қараулар: 92
Жыл қортындысы талқыланған брифинг

Жыл қортындысы талқыланған брифинг

Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы Қадырбаев Миржан Сансызбайұлы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Брифингте Шыңғырлау аудандық сотының 2020 жылда атқарылған істері жөнінде есеп берілді.

2020 жылы  45 қылмыстық іс түсіп, 44-і қаралған. 1 іс басқа аудандық сотқа соттылығы бойынша жолданған.

1 жыл аралығында 11 қылмыстық іс бойынша 357 330 теңге айыппұл жазасы тағайындалып, үкім шығарылып, айыппұлдың барлығы төленген.  Қалған істер бойынша заңға сай әртүрлі жаза тағайындалып орындалу барысында.

Соттың 39 айыптау үкімімен сотталушылардан жәбірленушілер өтемақы төлеу қорына 1 426 150  теңге өндірілген.

12 ай ішінде азаматтық тәртіппен сотқа 135 талап-арыз түсіп, оның 18-і қолданыстағы Азаматтық процестік Кодексіне сай болмауына байланысты қайтарылған. 11 азаматтық іс бойынша бітімгершілік (медиация) тәртібімен қысқартылған.

Статистикаға сүйенетін болсақ, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 362 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 9-ы заңды тұлға болса, 292-сі жеке тұлға, оның 17-сі әйел адамдар. Кәмелет жасқа  толмағандар – 1.

Әкімшілік істер бойынша заңға сай әртүрлі әкімшілік жазалар тағайындалып орындалған.

Аудандық соттың ұйымдастыруымен 1 жыл ішінде Қоғамдық бірлестіктермен және БАҚ — пен көптеген шаралар өткізілді.

2020 жылға қойылған жоспарлар толығымен атқарылған.

Келер жылға да алға қойған мақсаттары айқын.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы