1.03.2021, 15:19
Қараулар: 124
Жүректері мейірімге толы жандар

Жүректері мейірімге толы жандар

Ауданымыздың жанашырлары бүгін де мейрамға орайластырып арнайы қайырымдылық шараларын ұйымдастырған екен. Солардың бірі — аудандық мәслихат депутаттары. 1 наурыз – Алғыс айту және партия күніне орай аудандық мәслихат депутаттары «Қайырымдылық сөресі» акциясын қолдап, ұйымдастыруға атсалысты. «Бәйтерек» және «Аружан» дүкендерінде ұйымдастырылған сөрелер көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, барша мұқтаж жандарға арналған. Сөреде күнделікті өмірге қажетті азық-түлік қойылған. «Басты мақсат – көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек көрсету. Аз да болса өз септігімізді тигізіп, қуаныш сыйласақ дейміз. Атаулы шараға қатысып, өз көмегімді тигіземін деушілер болса, есік айқара ашық» дейді ұйымдастырушылар.
Қайырымдылық жасап, үнемі қолдан келгенше көмек қолын созатын жандар аз емес. Солардың бірі – ауданымыздың шаштараздары. Атап айтатын болсақ, Айгүл ханым, Майра ханым, Ұлжан ханым. Бұл кісілер үнемі мұқтаж жандардың шашын тегін алып, көмектесіп жүреді. Бүгін де Алғыс күніне орай тегін шаш қиып, халық алғысына бөленді.
Айбарша Лекерова,
Шыңғырлау ауданы
Комментарии: 4
Поделились: 1

Комментарии