29.03.2021, 18:42
Қараулар: 127
Зейнет жасына шығуымен құттықтады

Зейнет жасына шығуымен құттықтады

Саналы ғұмырын ауыл шаруашылық саласына арнаған Замир Сүйеуұлын аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы зейнет жасына шығуымен құттықтады. Замир Игильманов 1978-1984 жылдар аралығында Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған. Зейнет жасына дейін бірнеше жұмыс орнында адал қызмет атқарып, жеріміздің дамуына, экологиясына өз үлесін қосқан Замир Сүйеуұлына А.Бисембаев шапан жауып, атқарған қызметі үшін аудан әкімі Ә. Мұханбетжанованың атынан алғыс хат табыстады.

Замир Сүйеуұлын әріптестері қызметіне тиянақты, алғыр қызметкер ретінде, жақындары сабырлы, ашық мінезді, қарапайым жан ретінде көреді. Кездесу барысында келелі ғұмырын елінің даму жолына арнаған азаматқа ақ тілектер айтылып, жылы лебіздерін білдірді.

Айбарша ЛЕКЕРОВА,

Шыңғырлау ауданы